Бұған дейін еске сала кетсек, 2019 жылдың ақпан айында, Ұлттық компания брендін иеленген ЖЖҚБ желісін толық "PetroRetail" ЖШС сатып алған еді. Енді Қазақстан аумағындағы тиісті тауар белгісін пайдалану құқығы әрі қарай ұзарту жайында шешім қабылдануда.
"PetroRetail" компаниясы бас директорының орынбасары Арман Оспановтың айтуынша, "ҚазМұнайГаз" бекеттерінің сервистік қырынан тыс, өңірлерде әлеуметтік мәні бар. Сондықтан мұнай зауытынан тұтынушыға сапалы өнім жеткізу маңызды. Бұған Нұр-Сұлтан, Атырау және Алматы қалаларында орналасқан, елдегі үш мұнай өңдеу зауытынан жеткізілетін АИ-92, АИ-95 және АИ-98 маркалы бензин мен дизельдік отынды тексеретін зертханалар да өз септігін тигізбек.
Жанар-жағармай құю бекеттерін жекешелендіру, мемлекеттік экономикадағы үлесін қысқарту мақсатында, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының даму стратегиясына сай жүзеге асырылған.