К 30-летию Независимости Казахстана | 11 желтоқсан 12:30

ҚазМұнайГаз басшылығы мұнай-газ саласының ардагері Ләззат Қиыновты мерейтойымен құттықтады

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да мемлекеттік қоғам қайраткері және мұнай өндірісінің майталманы Ләззат Кетебайұлы Қиыновтың 75 жылдығына орай салтанатты іс-шара өтті.

Ләззат Кетебайұлы саналы ғұмырын еліміздің мұнай-газ өнеркәсібіне арнап, саланың дамуына ерекше үлес қосты. Еңбек жолын мұнай және газ операторынан бастап, әр жылдары Маңғыстау облысының мұнай-газ кәсіпорындарын басқарды.

 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның алғашқы президенті болды. Ұлттық компанияға екі рет жетекшілік етті. Сондай-ақ Маңғыстау облысының әкімі болды. Ұзақ жылдар бойы ҚР Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі болып еңбек етті. Парламент Сенатының депутаты болып сайланды.

Салтанатты жиынға қатысушылар Ләззат Кетебайұлына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және амандық тіледі.