К 30-летию Независимости Казахстана | 24 маусым 08:20

ҚазМұнайГаз басшысы Қаражанбастағы зауытта болды

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев бастаған делегация Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Қаражанбас кен орнындағы ілеспе қабат суын тұшыту зауытына келді. ҚМГ басшысы іске қосуға дайындық жұмыстарының барысымен танысып, зауыттың негізгі нысандарын аралады.

ҚБМ басшылығы Мағзұм Мырзағалиевті технологиялық процестерді сынамалау үшін ҚСТЗ-на ілеспе қабат суының алғашқы көлемдері берілгені туралы айтты. Су сүзудің бастапқы кезеңінен кері осмос фазасына дейін өтті. Алынған сынамалардың химиялық құрамын зерттеу үшін зертханаға жіберілді.

 

Жалпы, ҚМГ басшысы атқарылған жұмыстарды оң бағалады. Сондай-ақ белгіленген мерзімде өндіріс қуатын арттыра отырып, штаттық режимдегі жұмысқа көшу туралы нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, жұмыс делегациясы экологиялық жобалармен танысып, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен ҚМГ арасындағы меморандум аясында қалпына келтіруге жататын жерүсті амбарлар аумағында болды. Жағдаймен танысқан Мағзұм Мырзағалиев жұмыс қарқынының әлсіздігін атап өтіп, ҚБМ Басқармасына жұмысты жандандыруды тапсырды. Айта кету керек, тарихи мұнаймен ластанған аумақтар 2024 жылдың соңына дейін қалпына келтірілуі тиіс.