North Caspian Operating Company (NCOC) компаниясының басқарушы директоры Оливье Лазар «Болашақ» мұнай және газды кешенді дайындау зауытының газды алдын ала іріктеу қондырғысындағы жөндеу жұмыстарының ағымдағы жағдайы туралы баяндады.
Өз кезегінде Мағзұм Мырзағалиев нысандарды аралау кезінде жөндеу жұмыстарын тезірек аяқтау қажеттігін атап өтті. Қазіргі кезде өндіру деңгейін қалпына келтіру бойынша барлық механикалық жөндеу жұмыстары аяқталды, қондырғы бірнеше күнде пайдалануға беріледі деп күтілуде.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев бұған дейін қыркүйектің 2-сі күні Атырау облысына жұмыс сапары аясында Солтүстік Каспий жобасының өндіріс нысандарын аралады. Сол кезде ҚМГ басшысы қондырғыда проблемалар тудырған себептерді анықтау бойынша тексеру бағдарламасымен танысты.
Еске салайық, 3 тамызда Қашағанда «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау зауытының жұмысы газ кету белгілерінің анықталуына байланысты тоқтатылды. Тамыздың 9-ы күні мұнай өндіру ішінара тәулігіне 100 мың баррельге дейін, 30 қыркүйекте тәулігіне 210 мың баррель деңгейіне дейін қалпына келтірілді.