Бұл мәжілістер барысында компанияда әлеуметтік және өндірістік бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайы сөз болған.
"Өзенмұнайгаз" компаниясында 10 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Олардың атқарып отырған жұмыстары ел экономикасы үшін аса маңызды. Ұлттық компания мұнай саласында еңбек етіп жатқан жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын, жас мамандардың біліктілігін арттыру мәселесін ұдайы назарда ұстап отырады", - дейді Алик Айдарбаев.
Еске сала кетсек, бұған дейін "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған бас мұнайшы еңбек жолын 1985 жылы "Жетібаймұнай" мұнай-газ өндірістік басқармасында операторлықтан бастап, технолог, шебер сатыларында шыңдалған.