Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, атап айтқанда, «Теңізшевройл» ЖШС-нің мұнай мен мұнай өнімдері экспортының басым міндеттері қаралды.
Жеке қаралған мәселе мұнай-газ химиясы саласындағы жобаларды жүзеге асыру болды.
«Баламалы энергия көздерін іздеу бойынша әлем тенденцияларын ескерсек, мұнай-газ секторының басымдығы мұнай-газ химиясын дамыту арқылы сақталмақ. Бұл сала өндірілетін мұнай мен газдың басты тұтынушысы болады. Жүзеге асырылып жатқан полипропилен, полиэтилен және бутадиен өндіру жөніндегі жобалар Chevron компаниясының қолдауының арқасында Теңіз кен орнының шикізатымен қамтамасыз етіледі», – деді Мағзұм Мырзағалиев.
ҚМГ мен Chevron басшылары Болашақ кеңейту жобасы – Сағалық қысымды басқару жобасын уақтылы жүзеге асыру және атаулы жобалардың аяқталуы мен қызметкерлердің кезең-кезеңімен жұмыстан босауына байланысты жергілікті атқарушы органдарға қолдау көрсету қажеттілігін атап өтті.