Зерттеу нәтижелері бойынша геологиялық барлау жұмыстары жүргізілетін учаскелер айқындалатын болады. Сонымен қатар, Қызылорда облысының әкімдігі, Энергетика министрлігі және «Қазгермұнай» БК» ЖШС өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған инвестициялық жобаны іске асыру туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум бойынша «Қазгермұнай» БК» ЖШС газ дайындау қондырғыларында басқа кен орындарында өндірілген шикі газды өңдеу жоспарлануда, бұл ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газын жеткізу көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұл ынтымақтастық газ саласына инвестиция тартуға, Қызылорда облысына сұйытылған мұнай газын тұрақты жеткізуді қамтамасыз етуге, жұмыс орындарын сақтауға және облыс бюджетіне салық түсімдерін ұлғайтуға ықпал етпек.