К 30-летию Независимости Казахстана | 24 қаңтар 14:33

ҚазМұнайГаз бен КПО ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев «Karachaganak Petroleum Operating B.V.» бас директоры Джанкарло Руюмен кездесті. Кездесу барысында КПО-ның жаңа бас директоры Марко Марсили таныстырылды.

Ол бұл қызметке 2024 жылдың наурызында кіріседі деп күтілуде. Ал Дж. Рую өз кезегінде «North Caspian Operating Company» басқарушы директоры қызметіне тағайындалады. Тараптар Қарашығанақ кен орнында жылына 4,5 млрд м3 шикі газ өңдеуге қауқарлы зауыт салу жобасының мәртебесін талқылады.

Қарашығанақта өндірілетін мұнай экспорты, Германияға қосымша мұнай көлемін тасымалдау мүмкіндіктері көтерілді. Одан бөлек, отандық өндірушілердің қызметтерін арттыру, технология алмасу, КПО басшылық құрамы мен маңызды қызметтерде отандық мамандардың үлесін көбейту мәселелері қозғалды.