Сеул қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов бастаған делегация Samsung E&A штаб-пәтеріне барды. ҚМГ өкілдері кореялық компанияның атқарушы вице-президенті және сату мен бизнесті дамыту жөніндегі жетекшісі Роберт Юнмен кездесті.
Тараптар екіжақты серіктестікті одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Samsung E&A-ның Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік қуатын арттыру жобаларына қатысу мүмкіндігі қаралды.
ҚМГ делегациясына Samsung E&A-ның негізгі жобалары мен технологиялық шешімдері таныстырылды. Айта кетейік, кореялық компанияның негізгі қызмет бағыттарына инжиниринг және мұнай өңдеу және мұнай-химиясы зауыттарының құрылысын жүргізу кіреді.
Сонымен қатар Samsung E&A баламалы энергетика, экология, сумен қамтамасыз ету және биотехнология салаларындағы бастамаларға басымдық береді.