26 сәуірде Астанада ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Серікқали Брекешев пен Shaanxi Yanchang Petroleum Group бас директоры Чжан Қайюн құжаттарға қол қойды.
«Біз қол қойған құжаттар — компаниялар арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға және Қазақстанның мұнай-газ саласының аясын кеңейту мен төмен көміртекті дамытуға қосымша үлес қосады», — деп атап өтті Серікқали Брекешев.
Анықтамалық ақпарат:
Шэньси Янчан Петролеум Тобы (Shaanxi Yanchang Petroleum Group) — қытай мемлекеттік мұнай-газ компаниясы. Штаб-пәтері Шэньси провинциясының Сиань қаласында орналасқан. Топқа мұнай және газ өндірумұнайды өңдеу, мұнай-химия өнімдерін өндіру, құбыр тарту мен оларға қызмет көрсету бойынша кәсіпорындар кіреді.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ — Қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызметтер көрсетуге дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. 2002 жылы құрылған Компания еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүддесін қорғайды.