Құжатқа ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев және «Йокогава Электрик Қазақстан» ЖШС бас директоры Цутому Мурата қол қойды.
Меморандум Yokogawa Electric Corporation және оның еншілес компаниясы KBC Advanced Technologies технологиясын қолдана отырып, Жапония Үкіметінің декарбонизация саласындағы қаржыландыру тетіктерін талдау және іске асыру бойынша тараптардың ынтымақтастығын дамытудағы мүмкіндіктерді айқындайды. Сондай-ақ, компаниялар ҚМГ кәсіпорындарындағы қызметкерлерді оқыту және мұнай өңдеу зауыттарын автоматтандыру бойынша озық шешімдерді қолдану бағыттарында өзара іс-қимыл жасауға уағдаласты.
Жалпы, меморандумға қол қою Қазақстан мен Жапония арасындағы ұзақ мерзімді өзара тиімді әріптестікті нығайтуға бағытталған. Құжат өндіру және өңдеу салаларына, әсіресе операциялық тиімділік және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға оң әсер етеді.