Corporate & Financial Awards (CFA, Ұлыбритания) байқауында ҚМГ «Шетел компаниясының үздік жылдық есебі» санатында бірінші орынды иеленді.
Мәскеу биржасы (MOEX) ҚазМұнайГазды жылдық есепте «Стратегия және инвестициялық тартымдылықты үздік ұсыну» номинациясы бойынша «алтынмен» марапаттады, сондай-ақ ҚМГ есебін 200 млрд рубль капиталы бар компаниялар арасында негізгі номинацияда үздіктердің қысқа тізіміне енгізді.
ARC Awards (Annual Report Competition, АҚШ) халықаралық байқауында мұнай-газ компаниялары ішінен ҚазМұнайГазға «Жылдық есептің үздік pdf нұсқасы» санатындағы «Honors» айрықша белгісі табысталды.