Осылайша, ҚМГ «Total E&P Dunga GmbH» компаниясы арқылы «Доңға» жер қойнауын пайдалану жобасында 60 пайыз үлесіне иелік етеді. Аталған мәміле бұған дейін ҚМГ мен «TotalEnergies EP Danmark A/S» арасында қабылданған сатып алу-сату келісімшартының аясында жасалды.
Екі тарап та мәміленің аяқталуы қос компания арасында орнаған жемісті ынтымақтастықтың айқын дәлелі екенін атап өтті.
«Доңға» мұнай-газ кен орны ҚР Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында орналасқан. Кен орын 1966 жылы ашылған. «Доңға» жобасы өнімді бөлу туралы шарт аясында іске асырылуда. Шарттың қазіргі қатысушылары — «Total E&P Dunga GmbH» (60%), «Oman Oil Company Limited» (20%) және «PTT Exploration and Production» (20%).