Алдағы жылдары қордың портфельдік компаниясы – «ҚазМұнайГаз» АҚ жаңа технологияларды қолдана отырып, ауқымды геологиялық барлау жұмыстарын жүргізеді. Мақсат – жаңа перспективалы учаскелерді анықтау және көмірсутек шикізаты ресурстарының өсімін қамтамасыз ету.
Бүгінде ҚМГ бағдарламасында дайындықтың әртүрлі кезеңдеріндегі 23 жоба бар. Әлеуетті геологиялық ресурстар 4,7 млрд тоннаға дейін деп бағаланып отыр. Геологиялық барлау жұмыстарының негізгі бағыты – тереңде орналасқан қорлар, аз зерттелген стратиграфиялық кешендер мен аумақтар.
2026–2030 жылдары:
жалпы өту көлемі шамамен 89 мың метр болатын 26 ұңғыманы бұрғылау; 6 250 км 2D және 2 540 км² 3D сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу; 22 мың нүктеде геохимиялық зерттеулер жүргізу жоспарланып отыр.Тағы бір бағыт – Каспий маңында өңірлік зерттеулер жүргізу. Бұл өңірдің тереңде орналасқан тұзасты шөгінділерінің ресурстық қоры жоғары. Оларды зерттеу үшін 60 мың км 2D сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарланған.