"ҚазмұнайгазҒЗЖИ тарихы Маңғыстаудағы көптеген мұнай және газ кен орындарының өнеркәсіптік өңделуі, игерілуі және іске қосылуымен тығыз байланысты. Көптеген кен орындарын ашу үшін ғылыми-зерттеу мен жобалау, іздеу жұмыстарын жүргізу керек болды. Мекеме ұжымы сол маңызды жұмысты қазір де жалғастырып келе жатқаны қуантады. Менің ойымша, осындай барлық мүмкіндік қарастырылған кеңседе институт ұжымы бұдан да үлкен жеткістіктерге қол жеткізеді", - дейді Ұзақбай Қарабалин.
Өз кезегінде Жақып Марабаев институттың 50 жылдығы қазақстандық мұнай тарихымен тығыз байланысты екенін атап өтті.
"Маңғышлақ мұнай кен орындарының ашылуынан бүгінгі күнге дейін зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Институттың ғалымдары осы уақытқа дейін қазақстандық мұнай қорын дұрыс игеруде айтарлықтай үлес қосып келеді. Жаңадан бой көтерген әкімшілік ғимарат пен зертханалық корпус екі гектар жерді алып жатыр. Заманауи қондырғылармен жабдықталған ғылыми-зертханалық орталық екі блоктан тұрады: мұнай үлгілері қоймасы және зертхана. Ал ауданы 11 мың шаршы метрлік 8 қабатты ғимаратта қызметкерлердің нәтижелі жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған", делінген хабарламада.
Жаңа ғимарат «Көнерген кен орындарды игерудің ахуалы мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында ашылды.