К 30-летию Независимости Казахстана | 25 қыркүйек 15:01

ҚазМұнайГаз халықаралық серіктестік мәселесіне қалай қарайды

Мұнай қорын кен орындарында қосымша барлау жүргізу және жаңа учаскелерді барлау арқылы ұлғайту — басым міндеттеріміздің бірі, деді Асхат Хасенов. 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов KIOGE-2024 «Мұнай және газ» көрме-конференциясының «Энергетикалық жобаларды іске асырудағы халықаралық әріптестік» тақырыбында өткен пленарлық сессиясында компанияның халықаралық серіктестікке қатысты мүддесі туралы пікір білдірді. 

«ҚазМұнайГаз» елімізде мұнай-газ саласын дамыту мақсатында халықаралық компаниялармен бұрыннан берік ынтымақтастық орнатты. Инновациялық технологияларды енгізу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту арқылы біз мұнай өндіру көлемін арттырып, геологиялық барлау мен мұнай өңдеуді дамытуды, сондай-ақ көмірсутектерді тасымалдау бағыттарын әртараптандыруды көздейміз. Мұнай қорын кен орындарында қосымша барлау жүргізу және жаңа учаскелерді барлау арқылы ұлғайту — басым міндеттеріміздің бірі. ҚМГ еліміз үшін жаңа өсу бағытына айналатын мұнай-газ-химия кластерін қалыптастыруды қолға алды. Ұлттық компания ретінде біз табиғи ресурстарға ұқыпты қарап, көміртегі ізін азайту арқылы болашақ ұрпаққа қамқорлық танытамыз. Отандық өндірушілерді қолдау туралы бастамаларымыз халықаралық компаниялар тарапынан қолдау табады деп сенеміз, ол бойынша машина жасау және сервис ұсынатын отандық компанияларға ұзақмерзімді келісімшарттар ұсынылады».