Өтінім беріп, төлеп қойған инвесторлар арасында акцияларды бөлу 2022 жылы 7 желтоқсанда аяқталады, содан кейін акциялар инвесторлардың шоттарына түседі.
Жазылу кезеңінде өтінім беріп үлгермеген инвесторлар ҚМГ акцияларын 2022 жылы 8 желтоқсанға жоспарланған «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында (Astana International Exchange, AIX) және Қазақстан қор биржасында (KASE) қайталама сауда ашылғаннан кейін нарықтағы бағада сатып ала алады.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы АҚ (ҚМГ) – Қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, қайта өңдеуге және мамандандырылған қызметтер көрсетуге дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысады. Компанияның негізі 2002 жылы қаланған. ҚМГ-нің негізгі активтеріне келесі компаниялар кіреді: Барлау және өндіру: Өзенмұнайгаз (ӨМГ) - 100%, Ембімұнайгаз (ЕМГ) – 100%, Қазақтүрікмұнай (ҚТМ) - 100%, ҚазМұнайТеңіз-100%, Өріктау (ӨО) – 100%, Маңғыстаумұнайгаз (ММГ) – 50%, ҚазГерМұнай (ҚГМ) – 50%, Қаражанбасмұнай (ҚБМ) - 50%, Қазақойл Ақтөбе (ҚОА) - 50%, ПетроҚазақстан Инк (ПҚИ) – 33%, Теңізшевройл (Теңіз) – 20%, Қарашығанақ – 10%, Қашаған – 16,88%.
Тасымалдау: ҚазТрансОйл – 90%, Қазақстан-Қытай Құбыры (ҚҚТ) – 50%, МұнайТас – 51%, Батуми мұнай терминалы – 100%, Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) – 20,75%, Қазақтеңізкөлікфлоты – 100%.
Қайта өңдеу және басқалар: ПМХЗ – 100%, АМӨЗ – 99,53%, ПҚОП – 49,72%, KMG International – 100%, Петромидия – 54,63%, Вега – 54,63%, ҚазРосГаз – 50%, Қазақстан Петрокемикал Индастриз Инк – 49,5%.