«Самұрық-Қазына» Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, «ҚазМұнайГаз» акцияларының 85 пайызы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-на тиесілі болады.
«IPO-ға шығарылатын «ҚазМұнайГаз» бағалы қағаздарының әрбірінің құны 8406 теңге болады, капитализация 5,1 трлн теңге болады күтілуде. IPO-ға өтінім қабылдау 9-қарашада басталып, институционалды инвесторлар үшін 30-қарашада, жекелеген инвесторлар үшін 2 желтоқсанда аяқталады», – деді Алмасадам Сәтқалиев.
Басымдық жекелеген инвесторларға, яғни Қазақстан азаматтарына беріледі.
«Самұрық-Қазына» ірі активтерін жекешелендіру арқылы Қордың ел экономикасындағы үлесін төмендетуге ниетті. «ҚазМұнайгаз» IPO-сы, Қазақстан қор биржасы және Астана Халықаралық қаржы орталығы биржасы алаңында өткізіледі.