Тәуелсіз аудиторлық бағалауға сай 2023 жылдың 31 желтоқсанында ҚМГ көмірсутектерінің дәлелденген және ықтимал қоры 733 млн тоннаға жетті. 2022 жылмен салыстырғанда қорлар деңгейі 3,7%-ға өсті.
Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі былтыр 23 млн 532 мың тоннаға жетті (6,9%-ға өсті). Ілеспе және табиғи газды өндіру көлемі (кері айдау көлеміне дейін) 14,8%-ға, яғни 9 млрд 460 млн текше метрге дейін ұлғайды.
Магистральды құбырлар мен теңіз арқылы мұнай тасымалдаудың жалпы көлемі 7,6%-ға, 80 млн 359 мың тоннаға дейін ұлғайды. Бұл ретте, магистральды құбырлар арқылы тасымалдау көлемі 6,5%-ға өсіп, 69 млн 581 мың тоннаға жетті. Мұнайды теңіз арқылы тасымалдаудың жалпы көлемі 15,4%-ға, яғни 10 млн 778 мың тоннаға дейін ұлғайды.
ҚМГ өндірген мұнай мен газ конденсатын сату көлемі 7,1%-ға артып, 23 млн 695 мың тоннаға жетті.