Семинар 2022 жылы маусымда ҚМГ мен Chevron арасында қол қойылған Қазақстандағы көміртегі шығарындыларын азайту саласындағы әлеуетті жобаларды зерттеу үшін өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде ұйымдастырылды.
Семинарда Chevron мамандары көміртекті ұстау және сақтау саласындағы жобаларды іске асыру тәжірибесімен бөлісіп, қолданыстағы технологиялар туралы баяндады.
ҚМГ CCUS пилоттық жобасын жүзеге асыру үшін қолайлы алаңдарды талдаудың алдын ала нәтижелерін ұсынды.
«Компания көміртекті ұстау және сақтау жөніндегі жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін зерттеп жатқанын ескере отырып, жұмыстың қазіргі кезеңінде Chevron-ның бұл бағыттағы тәжірибесі ҚМГ-нің қызығушылығын тудыратыны сөзсіз», – деді ҚМГ Басқарма төрағасының стратегия, инвестициялар және бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары Дастан Абдулғафаров.
ҚМГ тарапынан семинарға корпоратив орталығының, сондай-ақ еншілес және тәуелді ұйымдардың (өндіру және мұнай өңдеу блогы) қызметкерлері қатысты.
Сонымен қатар, ҚМГ мен Chevron көміртекті ұстау және сақтау саласында бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігін талқылады.
«ҚазМұнайГаз» мен Chevron арасындағы ынтымақтастық – компанияның Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртектен бейтарап болу мақсатын қолдауға бағытталған шараларының бір бөлігі.