Геолог күні қарсаңында Астана қаласында және ҚМГ қызметін жүргізетін өңірлерде жұмыс істеп, еңбек сіңірген бір топ геологқа «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ естелік төсбелгілері, Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары табыс етілді.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев әріптестерін құттықтап, олардың Қазақстандағы мұнай-газ саласын дамытуға қосып жатқан баға жетпес үлесін атап өтті.
— Сіздер қиын және батыл еңбектеріңіз арқылы болашақ ұрпақ пен елдің экономикалық дамуына ықпал етіп отырсыздар. Жоғары кәсіби шеберлік, аса жауапкершілік және ісіне шынайы берілгендік — біздің геологтарды ерекшелейтін негізгі қасиеттер, — деп геологтардың алдағы жұмыстарына табыс тіледі.«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ естелік төсбелгісімен марапатталған қызметкерлер:
Маржан Аманжанқызы Өтесінова — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Геология және геофизика басқармасының жетекші инженері; Рустем Қайдарұлы Атуов — «KMG BARLAU» ЖШС геофизика бойынша бас маманы; Гүлдана Сәдуақасқызы Ибраева — «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС аға инженері.«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Алғыс хаты:
Салтанат Серікқызы Адаева — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Геология және барлау департаментінің қор аудиті секторының аға инженері; Мария Нұрбергенқызы Мұңалбаева — «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС аға инженері; Айгүл Бейсенқызы Оразова — «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС аға инженеріне берілді.«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Құрмет грамотасымен:
Ботагөз Жаныбекқызы Есемғазиева — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Теңіз жобалары секторындағы барлау жобалары басқармасының жетекші маманы; Толқын Сейсенбекқызы Рысбекова — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Теңіз жобалары секторындағы барлау жобалары басқармасының жетекші маманы; Әсел Беренқызы Халелова — «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС сарапшысы марапатталды.