К 30-летию Независимости Казахстана | 28 маусым 12:00

ҚазМұнайГаз паралимпиадашыларға жеңіске жетуге мүмкіндік жасауда

Жаңаөзен қаласындағы «Алға» спорт клубында бүгінде 100-ге жуық паралимпиадалық спортшы ‒ басым көпшлігі жастар спортпен айналысады. Клуб мүшелерінің үштен бірі ‒ балалар.

Отырып ойнайтын  волейболдан екі дүркін Азия чемпиондары және он бір дүркін Қазақстан чемпиондары, тұрып ойнайтын  волейболдан сегіз дүркін чемпиондар және арбада би билеуден республика біріншілігінің екі дүркін жеңімпаздары шыққан «Алға» клубы өзінің жетістіктерімен мақтанады. 2022 жылы еліміздің ұлттық құрамасының құрамындағы жаңаөзендіктер Малайзиядағы Паралимпиада ойындарында үш қола медаль жеңіп алды.

2024 жылдың 28 тамызы мен 8 қыркүйегі аралығында Парижде өтетін алдағы жазғы Паралимпиада ойындарына волейболдан Қазақстан құрамасындағы медальдарды жеңіп алу үшін «Алға» клубының тағы бір тәрбиеленушісі Ерболат Алтаев қатысады. Қазір Ерболат спорттық жиындарда жаттығып, алдағы турнирге белсенді дайындалуда. «Алға» клубының жетекшісі және оның жаттықтырушысы Құралбек Сейітов  Паралимпиадаға бірге барады.

 

Құрылысты «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) қаржыландырды. Ғимарат мүмкіндігі шектеулі және тірек-қимыл аппаратының проблемалары бар адамдарға арналған заманауи жабдықтармен, лифтпен, пандустармен, арнайы тренажерлармен жабдықталған. Бұл ‒ ӨМГ-дың демеушілігімен салынған қаладағы екінші спорт нысаны болып табылады.

Сондай-ақ, компания клубтың қажеттіліктері мен спортшылардың жүріп-тұруына жайлы болуы үшін шағын автобусты сыйға тартты. ҚМГ бен ӨМГ жарыстарға дайындалу үшін спортпен айналысуға қажетті заттарды сатып алып беріп ұзақ уақыт бойы «Алға» клубына қолдау көрсетіп келеді.