Келіссөздер барысында ҚазМұнайГаз Shell және Chevron компанияларына геологиялық ақпаратты пайдалану құқығын беру туралы келісімшарттар жасасты. Бұл бірлескен геологиялық барлау жұмыстарын жоспарлау үшін сейсмикалық зерттеу нәтижелерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
«Әлемнің жетекші энергетика компанияларымен серіктестігіміз Қазақстанда геологиялық барлау ісін дамытуға серпін беріп, жаңа технологиялар мен тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға ықпал ететініне сенімдіміз», - деді Асхат Хасенов.
Серіктестермен ынтымақтастық Ақтөбе облысында орналасқан «Мұғалжар» жобасының мүмкіндігін бірлесіп зерттеуге бағытталған.