К 30-летию Независимости Казахстана | 06 желтоқсан 14:31

ҚазМұнайГаз «Таза Қазақстан» акциясы аясында 97 000-нан астам ағаш отырғызды

Биыл ҚазМұнайГаз еншілес кәсіпорындарымен бірге жалпыұлттық экоакцияға белсенді қатысып, 97 218 ағаш отырғызды. 

Бұл бастама — елімізді көгалдандыруға қосқан маңызды үлесі. Ағаш отырғызу акциясы ҚазМұнайГаздың кәсіпорындары орналасқан барлық өңірлерді ─ Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Қызылорда және Астананы қамтыды. Қалалар мен ауылдарда жаңа жасыл-желекті аймақтар құруға, компанияның өндірістік нысандарының аумағын көгалдандыруға ерекше назар аударылды.

Жергілікті климатқа төзімді ағаштар, соның ішінде қайың, қарағай және сәмбітал егілді. 2020-2023 жылдар аралығында ҚМГ-ның еншілес және тәуелді ұйымдары 100 мыңға жуық ағаш екті.

Сонымен бірге 2024 жылы сәуір айының басында ҚазМұнайГаздың ұйымдастыруымен Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 15 мың гектар алқапқа 4,5 млн сексеуіл көшеті отырғызылды.

ҚазМұнайГаз көгалдандыру және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жұмысты әлі де жалғастырады.