Аталған рейтинг компанияның тұрақты даму саласындағы айтарлықтай жоғары көрсеткіштерін айқындайды (дүниежүзі бойынша салалық 119 компанияның арасында 33 орын). Бұл ретте ESG тәуекел-рейтингі 34,5 балды құрады. ESG-рейтингі бойынша ҚМГ компаниясына мынадай баға берілді:
экологиялық бағытта – 69; әлеуметтік – 70; корпоративтік басқару – 67 балл.ESG қағидаттарын ұстану экология (Environmental), әлеуметтік саясат (Social) және корпоративтік басқару (Governance) салаларының ең озық тәжірибелерін енгізуді көздейді.
Оның негізі 15 жылға жуық бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымымен жауапты инвестициялаудың қағидаттары ретінде қалыптастырылған.
«Sustainalytics халықаралық рейтинг агенттігі берген жоғары баға «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының бүгінгі және келешек ұрпақ алдындағы корпоративтік басқару саласын жетілдірудің тұрақты процесімен қатар қоршаған ортаның ахуалы және әлеуметтік тұрақтылық мәселелері бойынша стратегиялық міндеттемелері мен жауапкершілігін растайды» делінген «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының хабарламасында.
Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласындағы мемлекет мүддесін қорғайтын ұлттық оператор ретінде ҚМГ тұрақты даму саласындағы ең жоғары стандарттарға сай болу үшін қызметін жақсарту жөніндегі жұмысын жалғастыратын болады.