Біздің волонтерлеры су тасқынынан зардап шеккендерге үлкен көмек көрсетті. Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарының табиғи апаттан зардап шеккен отбасылары үшін қажетті жабдықтар және гуманитарлық көмек жіберді.
Сонымен қатар ҚМГ волонтерлеры «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын іске асыруға өз үлестерін қосуды жалғастыруда, балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне кәсіптік бағдар беру, құқықтық сауаттылық пен ақпараттық технологиялар бойынша дәрістер өткізеді және қарт адамдарға көмектеседі.
Бұл марапат «KMG-Volunteer» тобының Қазақстандағы волонтёрлеры қозғалысын дамытуға қосқан үлесін айғақтайды. Біз өз командамызды мақтан тұтамыз және еңбектері үшін әрбір еріктіге алғыс білдіреміз!