К 30-летию Независимости Казахстана | 24 апреля 23:21

ҚазМұнайГазда ғалым Раушан Сармурзинаны 80 жылдық мерейтойымен құттықтады

Салтанатты шараға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақов және мұнай-газ саласының ардагерлері қатысты. Асхат Хасенов өзінің құттықтау сөзінде Раушан Ғайсақызы Сармурзина мұнай-газ саласының кадрлық және технологиялық әлеуетінің негізін қалап, дамуына үлес қосқан ғалым деді.

Химия ғылымдарының докторы, профессор, академик Раушан Сармурзина бүкіл еңбек жолын ғылыми-зерттеу жұмыстарына арнап, қазіргі уақытта ҚазМұнайГаз дамытып жатқан мұнай-газ химиясы саласының бастауында тұрды.

Сондай-ақ кездесуге ҚМГ компаниялар тобының жас қызметкерлері де қатысты. Жастар үшін Раушан Сармурзинаның тұлғасы — таланттың, еңбекқорлық пен мамандыққа деген адалдықтың шынайы үлгісі. ҚазМұнайГаз сала ардагерлерінің еңбегін үнемі бағалап, оларға жан-жақты қолдау көрсетуде.