ҚазМұнайГаз компаниялар тобының қызметкерлері Асхат Хасеновтің басшылығымен алғашқы жаттығу жүгірісіне жиналып, салауатты өмір салтын ұстанатындықтарын байқатты.
Марафон бағдарламасында 5 км және 10 км қашықтықтар қарастырылған. Марафонның басты мақсаты — әлеуметтік жауапкершілік.
Марафонға қатысудан жиналған қаражат Маңғыстау облысындағы мектептердің спорт залдарын жабдықтауға жұмсалады, бұл аймақтың өскелең ұрпағы арасында салауатты өмір салтына деген қызығушылықты оятуға мүмкіндік туғызады.
ҚазМұнайГаздың марафоншылары баршаңызды алдағы айтулы спорттық жарысқа қатысуға шақырады.