Бұл зерттеу мақсаттары бойынша Қазақстан Республикасының негізгі мұнай-газ алаптары шегінде жаңа бес аймақтық учаске анықталды: Мұғалжар (Ақтөбе облысы), Березовский (Батыс Қазақстан облысы), Жарқын (Маңғыстау облысы), Болашақ (Маңғыстау облысы) және Солтүстік Өзен (Маңғыстау облысы).
Биыл ҚМГ сейсмикалық барлау жұмыстарын аяқтап, деректерге талдау жүргізеді. Жиналған мәліметтер негізінде геологиялық барлау жұмыстарын бастауға болады.