Есепті кезеңде компанияның түсімі 2020 жылдың 9 айымен салыстырғанда 43,7%-ға артып, 4,8 трлн теңгені құрады.
EBITDA көрсеткіші 2020 жылдың тоғыз айындағы 851 млрд теңгемен салыстырғанда 2021 жылдың тоғыз айында 1,6 трлн теңгені құрады. Еркін ақша ағыны 2020 жылдың тоғыз айында 146 млрд теңге көлемінде болса, биылғы тоғыз айда 438 млрд теңгені құрады.Бұл ретте компанияның 2021 жылдың 30 қыркүйектегі жалпы қарызы 2020 жылдың 31 желтоқсанымен салыстырғанда 1,3%-ға төмендеп, 4,0 трлн теңгені құрады.
ҚМГ компаниялары тобының бірқатар басты корпоративтік оқиғаларын да атап өткен жөн. Қарашада ҚМГ Директорлар кеңесі 2022-2031 жылдарға арналған жаңа Даму стратегиясын және Төмен көміртекті дамыту жөніндегі бағдарламаны бекітті. Сондай-ақ, қарашада компания «ҚазТрансГаз» АҚ-ның 100% акциясын «Самұрық-Қазына» АҚ пайдасына берді. 2020 жылға 50 млрд теңге сомасына дивиденд төленді, оның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ-ға – 45 млрд теңге және ҚР Ұлттық банкіне – 5 млрд теңге.
Жыл бойына бірақтар рейтинг агенттігі ҚМГ кредиттік рейтингтерін растады. Айталық, «Moody’s Investors Service» Қазақстанның егемен рейтингінің жоғарылуына байланысты ҚМГ кредиттік рейтингін «Baa3»-тен «Baa2» дейін жоғарылатты, Fitch Ratings ҚМГ дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін «BBB-» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты», S&P Global Ratings ҚМГ кредиттік рейтингін «жағымсыз» болжамымен «BB» деңгейінде растады.
«Бүгінде біз пандемияға дейінгі көрсеткіштерге жету үшін жан-жақты жұмыс істеп жатырмыз. ҚМГ компаниялары тобының қалыпты операциялық қызметіне ұқсас келетін 2019 жылмен салыстыратын болсақ, жекелеген қаржылық көрсеткіштердің жақсарғанын көріп отырмыз. Сондықтар біз компания қызметінің тиімділігін арттыруға және оның қаржы тұрақтылығын нығайтуға бағытталған жұмысымызды жалғастырамыз», – деді ҚМГ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаев.