Бұл көрсеткіштің өсуіне геологиялық-техникалық іс-шаралар көлемін ұлғайту, ұңғымаларды бұрғылау және операциялық активтердегі өндірісті толықтыруға бағытталған игеру жоспарларын өзгерту, сондай-ақ Қашаған және Қарашығанақ кен орындарын игеру жоспарларын іске асыруды нақтылау әсер етті.
Ескерту: 1 тонна мұнай эквиваленті бір тонна шикі мұнайды жаққанда бөлінетін энергия мөлшеріне тең, бұл шамамен 41,868 ГДж немесе 11,63 МВт сағ энергия. Баррель мұнай эквиваленті (ағылш. barrel of oil equivalent, BOE) - 1 баррель (42 АҚШ галлоны немесе 158,9873 литр) шикі мұнай жанғанда бөлінетін орташа жылу мөлшеріне баламалы энергия бірлігі.