К 30-летию Независимости Казахстана | 01 наурыз 11:38

ҚазМұнайГаздың мұнай тасымалдау көлемі 7,6 пайызға артты

ҚазМұнайГаздың магистральды құбырлар мен теңіз арқылы мұнай тасымалының жалпы көлемі 7,6%-ға, яғни 80 359 мың тоннаға дейін ұлғайды.

Мұнайды магистральды құбырлар арқылы тасымалдау 6,5%-ға ұлғайып, 69 581 мың тоннаға жетті. Бұл көрсеткіштің өсуіне мұнайды ҚазТрансОйл жүйесі арқылы Германия бағытына экспортқа жөнелту көлемінің ұлғаюы, Ақтау порты арқылы Баку-Тбилиси-Джейхан бағыты бойынша мұнайды тиеп жөнелтуі, сондай-ақ Қашаған кен орнынан Каспий құбыр консорциумы жүйесіне мұнайды тапсыру көлемінің ұлғаюы әсер етті.

Мұнайды теңізбен тасымалдаудың жалпы көлемі 15,4%-ға артып, 10 778 мың тоннаға жетті. Бұл көрсеткіштің өсуіне негізінен Қазақстан мұнайын Ақтау порты – Баку порты бағыты және одан әрі Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры арқылы экспортқа жөнелту көлемінің  ұлғаюы себеп болды.