К 30-летию Независимости Казахстана | 17 июня 13:31

ҚазМұнайГаздың өскелең ұрпақты дамытуға қосқан үлесі

Осыдан жарты жыл бұрын Жаңаөзенде заманауи Оқушылар сарайы ашылған болатын. Бүгінгі таңда «Болашақ сарайы» қалада тұратын жүздеген баланың білім мен шығармашылыққа жетелейтін сүйікті мекеніне айналып үлгерді

 

Бұл игі бастама «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және оның еншілес кәсіпорындары — «Өзенмұнайгаз» АҚ мен «Ak Su KMG» ЖШС қолдауымен жүзеге асырылды.

Қазір «Болашақ сарайында» 280-ге жуық оқушы түрлі бағытта білімін шыңдап, өнерін ұштауда. Сабақтар ауысыммен өткізілетіндіктен, орталық күніне 1500-ге дейін баланы қабылдай алады. Әсіресе жазғы демалыс кезінде оның маңызы арта түседі. Оқушылар бос уақытын тиімді өткізіп, пайдалы істермен шұғылданады. Ғимараттың жалпы ауданы 3000 шаршы метрден асады.

 

Мұнда робот техникасы, бағдарлама жасақтау, 2D/3D модельдеу, шет тілдері, шахмат, хореография, вокал, классикалық және халықтық аспаптарды үйрену, сондай-ақ басқа да кабинеттер жабдықталған. Барлық сыныпта технологиялық жабдық, компьютерлік техника және қажетті құралдар орнатылған. «Болашақ сарайының» бүгінгі тыныс-тіршілігі мен оның жас ұрпаққа ұсынып отырған мүмкіндіктері туралы толығырақ біздің бейнероликтен көре аласыздар.

Айта кетсек, ҚМГ өз қызметін жүргізетін өңірлерде әлеуметтік маңызы зор жобаларды жүйелі іске асырып келеді, соның ішінде білім беру, мәдениет, медицина және спорт нысандарын салу арқылы халықтың өмір сапасын арттыруға өз үлесін қосып отыр.