К 30-летию Независимости Казахстана | 26 желтоқсан 11:31

ҚазМұнайГаздың тобының қызметкерлері Түркістанда жастар форумына қатысты

ҚР Президенті 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Форум – атаулы жылға дайындықтың бір бөлігі. Іс-шара «Самұрық-Қазына» қоры тобына кіретін компанияларда түрлі жұмысшы мамандықтарда еңбек ететін 150 қатысушының басын қосты.

Форумның мақсаты – жас мамандар арасында коммуникацияны арттыру және корпоративтік рухты нығайту.

«Ембімұнайгаз» АҚ (ҚМГ еншілес компаниясы) әлеуметтік мәселелер жөніндегі әкімшісі Бибігүл Ерниязова тиімді және белсенді жұмысы үшін жастар кеңесінің өңірдегі үздік төрағасы атанды.

 

Форум қатысушылары өзара тәжірибе алмасып, басқа компаниялардың қызметі туралы толығырақ ақпарат алды. Сондай-ақ, бағдарлама бойынша жас мамандар Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барып, Түркістан өңірінің тарихымен танысты.

Жалпы, форум жастар арасындағы диалог пен өзара іс-қимылды нығайтуға арналған маңызды алаңға айналды.