К 30-летию Независимости Казахстана | 22 қараша 16:11

Қазпошта – ең белсенді брокерлік ұйым

«Қазпошта» АҚ KASE акциялар нарығындағы бөлшек инвесторлар арасындағы конкурс аясында «Ең белсенді брокерлік ұйым» номинациясында жеңімпаз болып танылды.

Қазпошта клиенттері конкурс жеңімпазы болып, оны өткізу кезеңінде акциялармен мәмілелер жасау қорытындылары бойынша барынша кірістілікке ие болды. Атап айтқанда, 1-орынды Александр Пищида жеңіп алды, оның акциялар нарығындағы мәмілелер бойынша кірістілігі 36,3% құрады. 2-орында табыстылығы 27,9% Рустан Ильясов, 3-орында табыстылығы 18,8% Александр Кирюхов.

«Қазақстан қор биржасы» АҚ бұл конкурсты 2021 жылғы 04 Қазан мен 12 қараша аралығында өткізді, оған 1150 инвестор қатысты. Ол KASE өкілдік индексіне кіретін бірқатар акциялар бойынша нақты сауда режимінде өтті. Конкурстың шарттары бойынша, оны өткізу кезінде қатысушылар жоғарыда көрсетілген акцияларды сатып алуға және/немесе сатуға кемінде екі мәміле жасасуы қажет болды. Мәмілелер жасасу қорытындылары бойынша барынша кіріс алатын үш қатысушы конкурс жеңімпаздары болып танылады.

«Бүгінде Қазпоштаның брокерлік клиенттік базасында 27 000-нан астам ашық брокерлік шот бар. Кең клиенттік база Қазпочтаға акциялардың жергілікті нарығындағы негізгі брокерлердің бірі ретінде клиенттерге Қазақстан Республикасының KASE және AIX биржаларына толыққанды қолжетімділікті ұсынуға мүмкіндік береді. Брокерлік шотқа қолжетімділік онлайн платформа арқылы жүзеге асырылады. Қазпочта бағалы қағаздардың жергілікті нарығында бәсекеге қабілетті тарифтер бойынша классикалық брокерлік қызметтерді ұсынады», – деп атап өтті «Қазпошта» АҚ Қаржы-Корпоративтік бизнес департаментінің директоры Алина Жанқұлова.

ҚР Ұлттық пошта операторы бүгінде қызметтердің кең спектрін ұсынады: пошталық-логистикалық және қаржылық, брокерлік.  Қазпочта бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті 2000 жылдан бастап тиісті лицензия негізінде жүзеге асырады және ол қалыптасқан кезде Қазақстан қор биржасына шыққан алғашқы компаниялардың бірі болып табылады. Компания жеке және заңды тұлғаларға әр түрлі компаниялардың бағалы қағаздарын сатып алу және сату, сондай-ақ осы компаниялардың пайдасынан дивидендтер алу арқылы салынған ақшадан кіріс алу мақсатында жеке инвестициялау дағдыларын меңгеруді ұсынады.