К 30-летию Независимости Казахстана | 20 маусым 15:15

Қазпошта ақша аудару тәртібін түсіндірді

Жеке тұлғалар Қазпошта арқылы символдық комиссиямен 500 мың теңгеге дейін қаражатты аудара алады.

«Қазпошта» АҚ жеке тұлғаларды артық шығыннан арылтып, қаражатты бір-біріне аударуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, ҚР жеке тұлғалары қаржы институттарының, жедел төлем жүйесіне (бұдан әрі – ЖМЖ) қатысушылардың пайдасына тек 1 теңгелік комиссия арқылы жарты миллион теңгеге дейінгі ақша аудара алады. 

Мұндай аударым Қазпоштаның Рost.kz мобильді қосымшасы арқылы телефон нөмірімен жүзеге асырылады. Аударым клиенттердің банк шотына бірден түседі.

Тиімді қызметке қол жеткізу оңай. Жеке тұлға Қазпоштадағы жарамды банк шотын таңдап, оған ЖМЖ белгісін қоюы керек. Мұны Post.kz мобильді қосымшасындағы жеке кабинетте онлайн-режимде жасауға болады.

Ақша аударымын 4 қадаммен жүзеге асыруға болады:

«ЖМЖ арқылы ҚР телефон нөмірі бойынша аударымдар» бөліміне өту. Ақша аудару жоспарланған банктік шотты таңдау. Алушының телефон нөмірін енгізу немесе телефон кітапшасынан таңдау. Алушы банкті таңдап, аударым сомасын көрсету.

Аударма жүзеге асырылды!

Аударым Ұлттық Банк іске қосқан лездік төлем жүйесімен қолжетімді. Мұндай жаңартуды Post.kz телефон нөмірімен Android және iOS негізіндегі смартфон иелері қолдана алады.