Оқырмандар 3 мыңнан астам түрлі журнал мен газетке жазыла алады.
Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының басылымдарына жазылуды «Қазпошта» АҚ-ның 2022 жылға арналған (жылдық және екінші жартыжылдыққа) «Газеттер мен журналдар» каталогы бойынша ресімдеуге болады.
Жазылу науқаны республикалық және жергілікті басылымдарға жазылу 2022 жылғы 25 маусымға дейін, Ресей Федерациясының, сондай-ақ басқа мемлекеттердің баспалары мен агенттіктерінің каталогына енгізілген басылымдарға жазылу 2022 жылғы 10 маусымға дейін жалғасады.