К 30-летию Независимости Казахстана | 06 қазан 11:30

Қазпошта Астанада өзінің ірі логистикалық орталығын ашты

«Қазпошта» АҚ Орталық Азиядағы тағы бір ірі логистикалық орталықты салтанатты түрде ашқанын хабарлайды. Аумағы 10000 шаршы метрді құрайтын бұл көпфункционалды кешен электронды коммерция саласындағы логистика мен клиенттерге қызмет көрсетуді жетілдірудің жаңа кезеңін ұсынады.

Логистикалық орталық электрондық коммерция тауарларын қабылдау, өңдеу, сұрыптау, сақтау және жеткізуге арналған. Бұл компанияның пошталық-логистикалық инфрақұрылымына маңызды қосымша болып табылады, себебі ол интернет-саудаға кешенді қызмет көрсететін болады.

Орталықтың ашылу салтанатында Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин, бүгінде Қазақстан аумағында Ozon фулфилмент-орталықтары жұмыс істейтінін, сондай-ақ Widberries логистикалық орталықтарының құрылысына арналған учаскелер бекітілгенін атап өтті. Тұтынушылар үшін, бұл ең алдымен, ассортименттің және баға саясатының тұрақты болуымен тиімді болмақ. Қазпошта үшін логистикалық орталықты іске қосу оны дамыту, интернет-сауданың логистикалық делдалынан интернет-компаниялардың негізгі серіктесіне айналуы үшін маңызды оқиға болып отыр. Аталған іс-шаралардың барлығы Қазақстанның көліктік-логистикалық әлеуетін дамытуға оң әсер етеді.

 

Орталық интернет-дүкендер үшін логистикалық қызметтердің кең спектрін ұсынады және жылына алты миллионнан астам сәлемдемені өңдеуге қабілеті жетеді. Оның елордалық сауда-логистикалық кластерде орналасуы - республикалық трассаға ыңғайлы қолжетімділікті, сондай-ақ қажет болған жағдайда Фулфилмент орталығының алаңын 12 000 шаршы метрге дейін кеңейту мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Логистикалық орталықта темір жолдардың болуы ерекше маңызға ие, себебі ол тауарларды жеткізу уақытын айтарлықтай қысқартады. Орталықтың орналасуы айналма жолмен ірі тонналық автокөлікте тауарларды тасымалдауды жеңілдетеді, бұл Астана аумағына кіру қажеттілігінен бас тартқызады.

«Бұл жоба логистиканы жетілдіру, клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша біздің компанияның дамуындағы маңызды оқиға. Логистикалық орталық пошта жөнелтілімдерінің көлемін ұлғайтуға, интернет дүкендерінен тауарларды жеткізу мерзімдерін қысқартуға қызмет етеді, сонымен бірге оларды сақтау және өңдеу орындарының тапшылығынан арылтады. Сондай-ақ ішкі және халықаралық электрондық коммерция нарығында жұмыс істейтін корпоративтік клиенттерді тартуға көмектеседі», - деді «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасова.

 

«Қазпошта» АҚ-ның ауқымды инфрақұрылымы және тиімді салынған логистикалық тізбектері бар. Логистикалық орталықтың ашылуы Қазақстанда электрондық коммерцияны одан әрі дамытуға серпін береді.