«Негізгі мақсаты - тұтынушыны өндірушімен, облыс ауылдарының кәсіпкерімен және бірінші кезекте «Ауыл аманаты» жобасының қатысушыларымен байланыстыру. Бұл ауыл кәсіпкерлерінің өнімдерін қалаға ауылдан, қаладан ауылға жеткізу. Әсіресе шалғайдағы ауылдарда тұратындар үшін. Қазіргі уақытта Қазпошта бағыттары өңірдің 65 ауылына барады. Бұл логистикада ауыл кәсіпкерлеріне көмектесуге үлкен мүмкіндік бар. Маркетплейс қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр, Еліміздің бірнеше өңірінде - Түркістан, Алматы, Астана, Солтүстік Қазақстанда», — деді «Қазпошта» АҚ филиалының директоры Шынар Нұрмұханбетова.
Қазіргі міндет - ауыл кәсіпкерлеріне ақпаратты жеткізу: тауарды тіркеу, орналастыру процесі, логистиканы құру.
«Кәсіпкерлер палатасы осы ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. Сонымен қатар, біз облыс аудандарынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнімдеріне баса назар аударамыз. «Ауыл аманаты» қатысушыларына бұл алаң логистикаға, сауда орындарын сақтауға, жалға алуға үнемдей отырып, шағын шығындармен облыста ғана емес, сонымен қатар өңірден тыс жерлерде клиенттік базаны кеңейтуге мүмкіндік береді. Біздің ынтымақтастығымыздың келесі қадамы аудандарға, оның ішінде маркетплейстің тұсаукесерімен бірге бару болады», - деді өңірлік палата директоры Дидар Боранқұлов.