Бұл корпоративтік ақпараттық жүйелер жұмысының сенімділігін арттыруға ықпал етті. Сонымен қатар, бөлімшелерде ауыл тұрғындары мен клиенттер үшін жылдамдығы 350 Мбит/с-қа дейін жететін тегін Wi-Fi бар.
Жоба еліміздің 12 өңіріндегі ауылдық бөлімшелерді қамтыды. Олардың көбі - Жамбыл (60 бөлімше), Түркістан (43), Батыс Қазақстан (36), Қостанай (22) және Ақмола (20) облысында. Жоба ауылдық пошта желісін цифрлық трансформациялауға, байланыс арналарының сенімділігін арттыруға және халықтың мемлекеттік, қаржылық, пошталық және өзге де цифрлық қызметтерге қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.
«Қазпошта» барлық өңір тұрғындарына орналасқан жеріне қарамастан сапалы қызметтерді қамтамасыз ету үшін заманауи технологиялық шешімдерді енгізуді жалғастырып жатыр.