К 30-летию Независимости Казахстана | 24 маусым 11:21

Қазпошта Барыс жылына арналған марка шығарды

«Шығыс жұлдызнамасы» сериясынан «Барыс жылы» тақырыбындағы пошта маркасы айналымға енгізіледі. Номиналы 900 теңгелік марка 10 мың данамен шығарылады.

Бір маркалы пошта блогының көлемі 80 х 80 мм, ал диаметрі – 40 мм. Офсеттік баспа, 4 бояуда, перфорациялық.  Ультракүлгін бояуы бар және лакталған қорғаныс элементтерінен тұрады.

Сонымен қатар, 2022 жылғы 28 маусымда Қазпошта «Мемлекет саясаты» сериясынан «Қайырымдылық» тақырыбында пошта маркасын айналымға шығаруды жоспарлап отыр. Пошта маркасының номиналы – «С» литері (380) теңге. Бұл Қазақстан Республикасының жер үсті көлігімен салмағы 50 граммға дейінгі тапсырысты хатты жіберу тарифіне сәйкес келеді. Таралымы – 9 мың дана. Офсеттік баспа, 4 бояуда, перфорациялық. Пішіні – 6 маркадан тұратын парақ. Өлшемі: 18 х 40 мм. Маркада ультракүлгін бояумен қорғаныс элементтері қолданылған. Пошта маркасының эскизін Президенттік бағдарламаларды қолдау қоры ұсынып, әзірлеген. 

Қазпоштаның осы маркалары ел аумағындағы пошта айналымына ғана жоспарланған.