К 30-летию Независимости Казахстана | 12 қазан 09:10

Қазпошта басшысы мен Сенат төрағасы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің 20 жылдығына орай маркаға белгі қойды

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев пошта маркасына белгі қоюға арналған салтанатты шараға қатысты.

Бұл арнайы марка «Есте қаларлық және мерейтойлық даталар» сериясының бір бөлігі болып табылады және Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің 20 жылдығына арналған.

Марканың номиналы – 600 теңге. Таралымы – 10 000 дана.

Марка пошта байланысының маңызды элементі әрі діндер мен мәдениеттердің алуан түрлілігіндегі толеранттылық пен келісімге ұмтылуымызды айғақтайтын құнды жәдігер болмақ.