Креативті жастарды қолдау үшін ҚР Үкіметі өңірдің қажеттілігін ескере келе өңірлік креативті хабтар ашуға баса назар аудара отырып, Креативті индустрияларды дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірледі.
Еліміздегі ең ауқымды филиалдық желісі бар «Қазпошта» талантты жастарды қолдауға дайын және Павлодар облысының Ақсу қаласында және Қызылорда облысының Шиелі ауылында жалпы ауданы 296 шаршы метр екі хаб ашуды жоспарлап отыр. Хабтардың ашылуы кезең-кезеңмен және өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып іске асырылатын болады.
Хабтарды құру жемісті және креативті еңбек, жаңа идеяларды іске асыру, сарапшылар қауымдастығын құру, оның ішінде оларды шығармашылық тұрғыда іске асыру үшін жайлы болатын қолайлы ортада жасалатын кеңістіктерді ұйымдастыруды көздейді.