К 30-летию Независимости Казахстана | 26 мамыр 13:25

Қазпошта биыл Ахмет Байтұрсынұлына арналған марка шығарады

ҚР Ұлттық пошта байланыс операторы биыл Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Естелік және мерейтой күндері» сериясы бойынша пошта маркаларын шығаруды жоспарлап отыр.

Қазпошта, сондай-ақ Қазақстанның БҰҰ, ЮНЕСКО, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) сияқты халықаралық ұйымдарға кіруінің 30 жылдығына және Қазақстанның материалдық емес мұраны сақтау жөніндегі конвенцияға қосылуының 10 жылдығына орайластырылған маркаларды да шығаруға ниетті.

Сонымен бірге, Қазпошта Қазақстан Қарулы Күштерінің 30 жылдығына және «Медеу» спорт кешенінің 50 жылдығына орай пошта маркаларын шығарады, ал Ресей Федерациясымен дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына орай таңбаланған конвертті, таңбаланған карточканы және пошта маркасын естелік ретінде шығаруды көздейді.

Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы ел ретінде де осы жылы Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық комиссияның 10 жылдығына арналған пошта маркаларының халықаралық шығарылымына қосылады.

Сонымен қатар, «Спорт» сериясы бойынша XXIV қысқы Олимпиада ойындарына, XIII паралимпиадалық қысқы ойындарға, футболдан 2022 жылғы Әлем чемпионатына арналған пошта маркаларын шығару жоспарланған. «Мемлекет саясаты» сериясы аясында «Қайырымдылық» тақырыбында пошта маркасы шығарылады.