К 30-летию Независимости Казахстана | 15 наурыз 14:50

Қазпошта БҚО мен Ақтөбе облысында пошта жөнелтілімдері кешігуі мүмкін екенін ескертті

Ол өңірлерде қардың күрт еріп, су басу қаупінің төнуімен байланысты.

«Қазпошта» АҚ ресми сайтында Батыс Қазақстан обылысы мен Ақтөбе облысындағы тұрғындарға арналған ақпарат жарияланды:

«Қазақстанның кейбір өңірлерінде қар күрт еріп, елдімекендерді су басу қаупі төніп тұр. Атап айтқанда, еліміздің батыс өңіріндегі «Самара-Шымкент» автомагистральді жолының 393-526 және 526-702 шақырымындағы көлік жүретін бөлігі арқылы еріген қар суы жүріп өткен. Ауа райының қолайсыздығы салдарынан, 13 наурыздан бастап Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында осы жол учаскелерінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды».

Уақытша шектеу осы облыстардың ішінде, сондай-ақ Ақтөбе қаласынан Орал мен Атырауға және кері бағытта пошта жөнелтілімдерін жеткізу уақытын баяулатуы мүмкін.