Іс-шара барысында қонақтарға елордалық логистикалық орталық таныстырылды, онда олар электрондық коммерцияны тиімді жеткізуді қамтамасыз ететін негізгі процестермен және инфрақұрылыммен танысты.
Одан кейін қонақтар Астана поштамтына барды, ол жерде ұлттық пошта операторының қызметкерлері сәлемдемелер супермаркетінің және QazPost Market қосымшаның жұмысымен таныстырды.
Қазпошта барша қатысқандарға электрондық коммерцияны дамытуға деген қызығушылықтары үшін алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта да жемісті ынтымақтастыққа сенім артады.