Қазпошта АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова 2 Side Event: «Электрондық коммерциядан қағазсыз кеңістікке: цифрландыру сауданы қалай өзгертті» тақырыбындағы сессия жұмысына қатысты. Ready4Trade Орталық Азия жобасы аясында ұйымдастырылған сессияда спикерлер цифрландырудың аймақтағы саудаға әсері туралы сөз қозғады.
Электрондық коммерция мен транзиттік әлеуетті дамыту әрдайым компанияның басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазпошта – электрондық коммерция қызметтерін көрсету үшін, сервистерді дамытуды қолға алған және төлем жасаудан бастап жеткізілімге дейінгі қызметтердің толық кешенін ұсынған алғашқы қазақстандық компаниялардың бірі болып табылады. Мәселен, 2023 жылдың 5 айында компания 2,5 млн-нан астам сәлемдеме, 600 мыңға жуық жеделдетілген пошта, 160 мыңнан астам ірі габаритті жөнелтілімді жеткізген.
«Біз ірі интернет дүкендермен ынтымақтастықтың арқасында жеткізілім мерзімін қысқартып, талаптар мен сапаны жақсарту жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Одан бөлек, біз АҚШ, Қытай және Еуропаның жетекші маркетплейстерімен ынтымақтастықтың халықаралық векторын дамытып, олардың халыққа қолжетімділігін қамтамасыз етпекпіз. Жақын арада «Keruen Kazpost» жаңа өнімін - интернет-дүкендерден тауарларды жеткізу бойынша виртуалды мекенжайлар сервисін іске қосатын боламыз. Қазпоштаның АҚШ, Германия, Италия және Ұлыбританияның онлайн дүкендерінен тікелей жеткізу қызметі - Қазақстанның транзиттік әлеуетінің өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашады. Аталған бастамалардың барлығы өңірлерде шағын бизнесті дамыту, сондай-ақ қазақстандықтар үшін жаһандық интернет-дүкендердің қолжетімділігін арттыру мақсатында іске асырылуда», - деп атап өтті Әсел Жанасова.