Алматы поштамтының кәсіподақ комитетінің өкілдері мерейтой иелері мен пошта ардагерлерін құттықтап, оларға құрмет грамоталарын табыс етті. Сондай-ақ олар мүмкіндігі шектеулі балалары бар қызметкерлерге сыйлық сертификаттарын табыстады.
Қостанайда «Жастарға Кеңес» республикалық жобасы аясында бос орындар жәрмеңкесі өтті. Осылайша, Қостанай әлеуметтік-техникалық университетімен қол қойылған меморандум негізінде, Қазпошта өкілдері компанияға жұмысқа орналасу үшін студенттерді аттестаттаудан өткізді.
Қазпошта Ақтаудағы отандық тауар өндірушілер көрмесінде промо-акция өткізді. Онда сату бөлімінің қызметкерлері Қазпоштаның бизнеске қызық қызметтері туралы айтып берді. Көрме қорытындысы бойынша бірнеше өңірлік кәсіпорындар ұлттық пошта операторымен ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытты.