К 30-летию Независимости Казахстана | 28 тамыз 07:52

«Қазпошта» желаяғы

Руслан Әбішев «Қазпошта» АҚ-ның Батыс Қазақстан облысындағы басқармасында байланыс операторы болып қызмет етеді. Ол әртүрлі қашықтықта жүгіруде алдына жан салмайтын желаяқ. 21 шақырымды 1 сағат, 21 минут, 17 секундта жүгіріп өтеді.

Руслан таяуда ғана Ресейдің Самара қаласында өткен халықаралық жарыста 2-орынды иеленіп келді.

«3 шақырымды 11 минут 35 секундта жүгіріп өттім. Жеңіске 4 секунд жетпей қалды», – дейді Руслан Хамитұлы.

Алайда, Ресейдің әр қаласынан келген 3 мыңға жуық марафоншының арасында бұл үлкен жетістік.

Руслан Әбішев «Самұрық Қазына» АҚ қарасты мекемелер арасындағы VII спартакиадаға да қатысып, ширек финалға шыққан. Бұл жолы жүгіруден емес, шағын футболдан бақ сынады.

«Командамен жұмыс істей білемін. 27 команданың ішінде алғашқы төрттікке іліндік. Ал басты арманым жүгіруден әлем чемпионы атану», – дейді Руслан Әбішев.

Жаннұр Амантай