К 30-летию Независимости Казахстана | 23 қаңтар 08:30

Қазпошта жергілікті әріптестікті нығайтады

Қазпошта Қызылорда филиалы компания қызметін дамыту және әріптестік қатынастарды нығайту үшін ынтымақтастық туралы екі меморандумға қол қойды.

Бірінші меморандумға Қызылорда қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы қол қойды. Ынтымақтастық шеңберінде Қазпошта өзін-өзі жұмыспен қамту бағдарламасы және халыққа арналған басқа да әлеуметтік бағдарламалар саласындағы қаржылық қызметтер бойынша толық қолдау көрсетеді.

 

Мәселен, Қызылорда «Өңірлік инвестициялық орталығы» МҚҰ-мен қол қойылған меморандум шеңберінде Қазпошта электрондық бизнесті дамыту, есеп айырысу-кассалық операциялар шоттарын ашу, сондай-ақ интернет-банкинг жүргізу және өзара тиімді шарттарда толық сүйемелдеу үшін қаржылық қызметтер бойынша толық қолдау көрсетеді.